Атырау, 9 желтоқсан 00:28
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

АҚШ Ирак аумағына жаңа әскери база салмақ

2 029 рет қаралды


АҚШ Ирак аумағына жаңа әскери база салмақ - деп хабарлайды Анадолу ақпарат агенттігі.

Анадолу агнеттігінің мәліметінше, АҚШ Ирактың солтүстігінде орналасқан Талль-Афар қаласы маңынан жаңа әскери база салмақ. Ирак қарулы күштерінің ресми өкілі полковник Мехди әл-Хафаджидің айтуынша, АҚШ әскерилерінің елдің солтүстігінде салайын деп жатқан жаңа базасы Талль-Афар қаласын «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымынан азат етуге көмектесетін болады. Ирак аумағында АҚШ-тың жаңа әскери база салуыға байланысты шешім өткен аптада Мосул қаласының батысында орналасқан Земмар ауданында Ирак қарулы күштері мен АҚШ әскерилерінің екі жақтық кездесуі кезінде қабылданған.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

10 тамыз 2017, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.