Атырау, 22 желтоқсан 05:28
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Грузия Қазақстан алдындағы мемлекеттік қарызын қыркүйектен төлей бастайды

2 061 рет қаралды


Қазақстандық елшінің сөзіне қарағанда, ақша Грузияға Қазақстан үшін қиын қыстау кезде қарызға берілген. Тбилиси төмен пайызбен қайтаратын болады

Грузия өзінің Қазақстан алдындағы мемлекеттік қарызын қыркүйектің басында төлей бастайды, деп хабарлады ҚР-ның Грузиядағы елшісі Ермұхамет Ертісбаев. 

"Қыркүйектің басында Грузия Қазақстанға мемлекеттік қарызды төлей бастайды. Біз кезінде грузиндерге, 20 жыл бұрын 90-шы жылдардың ортасында 27,5 миллион АҚШ доллары сомасында қарыз бергенбіз", — деді Ертісбаев сәрсенбідегі брифинг барысында. 

Оның атап өтуінше, Қазақстан Грузия бұл қаражатты қарызға берген кезде ҚР-да жағдай "айтарлықтай қиын болатын".

"Ол кезде өзіміздің мемлекеттік қазына да бос болатын. (…) Бірақ Грузияға бұл қаражат өте қажет болатын. Ол кезде Эдуард Шеварднадзе билікті әзер ұстап тұрған, біздің президентіміз Эдуард Амвуросиевичті құрметтейді. Біз оларға қарыз бердік. Мен 2013 жылғы көктемде келген кезімде бірден достық достықпен, ал ақша бөлек, бұл мәселені бірнәрсе қылып шешу керек дедім. Келіссөздер болды", — деп жалғастырды елші. 

Ертісбаевтың ақпаратына сәйкес, Грузия ақшаны Париж клубының сызбасы бойынша "өте төмен пайызбен" қайтаратын болады. 

Ертісбаев 2013 жылғы көктемде Қазақстанның Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. 

Дереккөз: sputniknews.kz

9 тамыз 2017, 21:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.