14 және 15 тамызда Атырау облысында 48 ауыл әкімінің сайлауы өтпекші. Алдағы сайлауға дайындық туралы брифингте аумақтық комиссия төрағасы Асау ИБРАШЕВ әңгімеледі.
Бұл лауазымға үміткерлерді қала және аудан әкімдері ұсынады. Сайлаушылар ретінде қалалық және аудандық мәслихат депутаттары қатысатын болады. 48 орынға 135 үміткер тіркелді, оның 101-і ерлер болса, 34-і әйел. Ауыл әкімдері құпия дауыс беру арқылы сайланатын болады. Көп дауыс жинаған үміткер жеңіске жетеді.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор