Атырау, 25 желтоқсан 04:05
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

СІМ басшысы: Сирия бойынша Астанада өтетін кездесудің күнтәртібін Тегеранда белгілейді

1 922 рет қаралды


Тамыздың соңына жоспарланған Сирия бойынша келіссөздердің кезекті раундын шегеру көзделіп отырған жоқ. Астанада өтетін Сириядағы жағдайды реттеу бойынша кезекті келіссөздердің күн тәртібі Тегеранда белгіленетін болады, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов. 

Бұрын келесі кездесудің Қазақстанның елордасында тамыздың аяғына дейін өтеді деп хабарланған. 

"Мерзімдер бойынша әзірге өзгерістер жоқ. Біздің тамыздың соңына дайындалып жатырмыз", — деді Әбдірахманов тілшілерге. 

Оның атап өтуінше, жоспарға сәйкес, осы күндері Тегеранда Астаналық процеске кепілгер елдер сарапшыларының кездесуі өтіп жатқан көрінеді. 

"Олардың қорытындылары бойынша, Астанадағы келіссөздердің кезекті раундының күн тәртібі белгіленетін болады", — деп түйді министр. 

Дереккөз: sputniknews.kz 

8 тамыз 2017, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.