Атырау, 27 қараша 05:28
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Өзі күйіп қалды

3 046 просмотра


6 тамыз күні Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының 67 жастағы тұрғыны қойдың басын үйітпек болып қатты күйіп қалды.

Ол қолдан жасалған құралды пайдаланған. Онысы газ баллонына қосылған болып шықты. Сол кезде не себептен екені белгісіз, газ жарылған.

- Тұрғынның денесін 1-ші және 2-ші дәрежедегі күйік шалған, - дейді аудандық бас дәрігердің орынбасары Жаниба АҒЖАМАЛОВА. - Оны Атырауға облыстық ауруханаға алып кету үшін санитарлық авиция шақырылды.  

Бірнеше күн бұрын осындай жағдай Қостанай облысында да болды. Ауылдардың бірінде қойдың басын үйітпек болған 15 жастағы жасөспірімді аса ауыр күйде күйік шалған. Ер адамдар қойды сойғаннан кейін оның басын дәнекерлеуші шаммен үйіту керек болған. Бір кезде шамды өзіне қарай бұрып қалып, одан газ лап ете қалған. Қас-қағым сәттің ішінде баланың жейдесі мен шортысы өртеніп кеткен. Баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізу үшін санавиация көмегіне жүгінуге тура келді. От аяғы мен ішіне дейінгі денесін күйдіріп тастаған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 тамыз 2017, 18:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.