Атырау, 10 қаңтар 08:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Индер трассасында үш адам өртеніп кетті

4 540 рет қаралды


6 тамыздан 7-не қараған түні Атырау-Индер трассасының 165-ші шақырымында жеңіл «Мерседес» көлігі мен «МАЗ 54 4008» жүк көлігі соқтығысты. Оқиға салдарынан үш адам ажал құшты.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, «мерседес» қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Жеңіл көлік тұтанып, жүргізуші мен екі жолаушысы тірілей өртеніп кеткен, - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Ресми мәліметтерге сәйкес, «мерседес» Атырау облысы тұрғынының атына тіркелген. Алайда, апат кезінде көлік рөлінде кім болғанын және жеңіл көліктің жолаушылары кім екенін ІІД-дегілер сараптама нәтижелері алынғанға дейін хабарламайды.  

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 тамыз 2017, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.