Жыл басынан бері Атырауда алкогольдік ішімдіктерден уланудың 10 жағдайы (өткен жылы 15 жағдай) тіркелген. Бұл туралы «Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы» КМҚК-ның бас директоры Гүлнафис ТАҢБАЕВА хабарлады.
- Ішімдіктен уланғандар жедел жәрдемге «бірнеше күн бойы ішімдік ішкен едім» деп мойындайды. Олардың бәрін біз улану фактісі бойынша тіркейміз, - Г.Таңбаева.
Ал Атырау облыстың техникалық регламенттер талаптары сақталу, бақылау бөлімінің бас маманы Анар ШАЙХИМОВА биыл жыл басынан бері Атырауда алкоголь ішімдіктерден 54 сынама алынып, соның үшеуінің таңбалану тәртібінде техникалық регламенті сақталмағаны анықталғанын айтып берді (Өткен жылы сынама алынған 36 алкоголь ішімдігінің екеуінен сәйкессіздік табылған).
Атырау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Темірбек МҰСАҒАЛИЕВТІҢ редакциялық сауалға берген хатындағы жауапта Атырау қаласының сауда нысандарын тексеру нәтижесінде Agavita Blanco текиласының партиясынан техникалық регламентке сәйкессіздіктер анықталғандығы хабарланды.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА