Атырау, 26 қаңтар 02:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Саакашвили Порошенкомен Польша аумағында жүріп күреспек

1 614 рет қаралды
Фото: YouTube


Грузияның бұрынғы басшысы, Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвили Петр Порошенкомен Польша аумағында жүріп күрес жүргізетінін мәлімдеді. 

Ол бұл жайында Польшаның ZIK телеарнасына берген сұхбатында айтқан. Саакашвили ZIK арнасының FACE2FACE бағдарламасында: «Мен қазір Польшадамын. Бұл жерге Варшава көтерілісін еске алу шараларына қатысу үшін арнайы шақыртумен келдім. Менің ойымша, АҚШ-та жүргеннен қарағанда Украинаға жақын жерде болған дұрыс» - деген. 

Бұдан бөлек ол АҚШ-тан шығуына құжат жағынан ешқандай қиындықтар болмағанын айтқан. Естеріңізге салайық, шілденің 26 күні Украина президенті Петр Порошенко Михаил Саакашвилиді Украина азаматтығынан шығаруға байланысты құжатқа қол қойған болатын. 

Дереккөз/фото: qazaqtimes.com 

7 тамыз 2017, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.