Атырау, 28 қараша 13:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрт ел бірдей Иранның үстінен шағым айтты

2 559 просмотра


2015 жылы Иранмен келісім жасасқан алты елдің төртеуі – Америка Құрама Штаты, Ұлыбритания, Германия және Франция қатарлы елдер БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шағым жолдады. 

Шағым хатта «Иранның «Самұрық» атты зымырандарын ғарышқа ұшыруы арандатушылық және үрей туғызады» деп айыптаған. Бұл туралы «Түркия Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлап отыр. Аталған төрт ел шағым хатта «Самұрық» зымырандары туралы нақты мәліметтер көрсете алмаған. Алайда, бұл баллистикалық зымырандар болған жағдайда ядролық оқтұмсықтар тасымалдай алуы мүмкін деген болжам айтқан. 

Шағым айтқан елдер  Иранды 2015 жылы жасасқан келісімді бұзды деп айыптады. Бұл келісімде Иранның ядролық қару тасымалдай алатын баллистикалық зымыран өндіруіне, сынауына, ғарышқа ұшыруына тиым салынған болатын. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


4 тамыз 2017, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.