Атырау, 28 қараша 13:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Трамп: «Мен Конгресске қарағанда өзге мемлекеттермен жақсы мәмілеге келе аламын»

1 641 просмотра


АҚШ Президенті Дональд Трамп Америка мен Ресейдің қарым қатынасы "Қауіпті шекте" тұрғанын жеткізді. 

Осы аптаның сәрсенбісінде ол жаңа санкциялар туралы заңның қабылдануына қарсылық білдіріп, оны қателік деп атағанына қарамастан, Ресей, Иран және  Солтүстік Кореяға қарсы экономикалық шектеу шараларын жүргізу туралы құжатқа қол қойып еді. Бұл туралы BBC ақпараттық агенттігі жазады.

Аталған заң жобасы Ресейдің 2014 жылы Украинадағы Қырым мәселесіне қатысты әрекеті үшін салынған санкцияларды қатаңдатып, Америкада осы жылы өткен Президенттік сайлауға араласты деген әлі дәлелденбеген айыбы үшін жаңа шектеу шараларын енгізеді. Мәскеуде бұл құжатты Ресейге қарсы басталған "Сауда соғысы" деп қабылдады. 

Өзінің твиттер парақшасында, болған оқиғаға наразылығын білдірген президент Дональд Трамп: "Біздің Ресеймен қарым-қатынасымыз "қауіпті шекте" тұр. Осының бәріне сендерге тіпті, дұрыс денсаулық сақтау реформасын ұсына алмай отырған Конгресс кінәлі. Мен президент есебінде, сыртқы саясатта өзге мемлекеттермен, Конгресске қарағанда жақсырақ мәмілеге келемін" , - деп жазды.

Оған жауап ретінде республикалық сенатор Том Коттон БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: "Біздің Ресеймен қарым-қатынасымыздың "қауіпті шекте" тұрғанына Владимир Путин кінәлі", - деді. 

Осыдан бұрын жаңа санкцияларға қатысты "Бұл - Ресей мен АҚШ-тың қарым-қатынасы жақсаруы мүмкін деген кез-келген үмітті біржола жояды" деп пікір білдірген Дмитрий Медведев өзінің Facebook парақшасында былай деп жазды: "Қолға алынған шаралар Дональд Трамптың толықтай әлсіздігін көрсетті, Конгресс оны қорлады". Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков берілген пікір туралы жауабын "Ресей өзінің мүдделерін қорғайтын болады", - деп, қысқа қайырды. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


4 тамыз 2017, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.