Атырау, 28 қараша 13:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Петр Порошенко Михаил Саакашвилидің еркін жүріп-тұруын қиындатты

2 368 просмотра


Ресми Киев АҚШ және өзге де мемлекеттердің билік органдарын Михаил Саакашвилидің Украина аумағында алған барлық құжаттарының күші жойылғаны жайында хабардар етті, деп хабарлайды Oxu.az сайты. 

Украина президенті Петр Порошенко Америкада жүрген Михаил Саакашвилиді Украина азаматтығынан шығарғаннан кейін АҚШ билік органдарына оның барлық украиналық құжаттарының күші жойылғандығы жайында мәлімдеме таратқан. Бір сөзбен айтқанда Украина билігі барлығын Саакашвилиді Грузияға өздері экстардициялай алмайтындай етіп жасаған. 

Шетелдік сарапшылардың сөзінше, Киевтің мұндай қадамдарға баруының себебі, Украинадағы Саакашвили жақтастарынан сескенуі болу мүмкін. Осыдан кейін Украина билігінен Саакашвилиді экстрадициялауға байланысты бірнеше мәрте тиісті жауап ала алмаған Грузия тарапы, қазірдің өзінде АҚШ билігімен Михаил Саакашвилиді экстрадициялауға байланысты келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеген. 

Естеріңізге салайық, тамыздың 1-і күні Михаил Саакашвили өзінің АҚШ-та тығылып жатпайтынын, міндетті түрде Украинаға қайтып оралып, сот алдында өзінің құқығын қорғайтынын айтқан болатын.

Дереккөз: qazaqtimes.com

3 тамыз 2017, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.