1 тамыз күні Атырау қаласы, Вокзал маңындағы көпқабатты үйлердің бірінің бесінші қабатындағы терезеден бір жасар қыз бала құлап кетті.
Сәби қалаға қонаққа келген Исатай ауданы, Аққыстау ауылының тұрғыны. Қазір ол балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Онда сәбидің «тұрақты ауыр жағдайда» екендігін айтады. Медиктер бұдан басқа ештеңе айта алмай отыр.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ