Атырау, 9 желтоқсан 00:04
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Ресейге сауда соғысы жарияланды

2 150 рет қаралды


АҚШ Ресейге санкция салу арқылы сауда соғысын жариялады, деп жазды Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев өзінің Facebook парақшасында. 

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуға байланысты құжатқа қол қойғаннан кейін, РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев өзінің Facebook  парақшасында: «АҚШ президентінің Ресейге жаңадан санкция салуға байланысты құжатқа қол қоюы Ресейге бірнеше кедергілер туғызады. Біріншіден, Ақүй әкімшілігімен арадағы қарым-қатынасты жақсартуға деген үміт үзілді. Екіншіден, Ресейге толыққанды сауда соғысы жарияланды. Үшіншіден, Трамп әкімшілігі осы уақыт аралығында барлық атқарушы билікті Конгреске бере салуы арқылы өзінің дәрменсіздігін көрсетті. Бұл АҚШ-тағы саяси күштердің ауысуына алып келеді» - деп жазған. 

Бұдан бөлек ол АҚШ-тың салған санкциялары қандайда бір таңғажайып дүние болып кетпесе, 10 жылға дейін созылатын болады деді. 

Естеріңізге салайық, бұған дейін Кремль АҚШ-тың Ресейге салған жаңа санкцияларына ешқандай жауап қатпайтынын мәлімдеген болатын.

Дереккөз: qazaqtimes.com


3 тамыз 2017, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.