Бүгін, 2 тамызда Атырау әкімі Серік ШАПКЕНОВ өзінің жаңа орынбасарларын тағайындады.
2016 жылдың қарашасында тағайындалған әлеуметтік мәселелер жөніндегі әкімнің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИ енді өткен аптада «Атырау» ӘКК басқармасы төрағасының орынбасары лауазымына кеткен бірінші орынбасар Амантай АЙТБАЕВТЫҢ орнына қаржылық мәселелер бойынша жауап береді. Қалауидың өкілеттігіне ТКШ мәселелері де кіреді. Әлеуметтік мәселелер жөніндегі әкімнің орынбасары болып, 2014 жылдың шілдесінен бері әкім аппаратына басшылық еткен Полымбет ХАСАНОВ тағайындалды.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА