Естеріңізде болса, бірер күн бұрын Трамп өзінің Твиттер парақшасында Қытай үмітін үзгенін айтып шағынған еді. Ол Қытайдың АҚШ-пен арадағы сауда-саттықтың өзінен миллиардтаған табыс таба отырып, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтатуда АҚШ-ты қолдамағанына реніш білдірген еді.
Кешегі Қытай СІМ өкілінің сөзінде бұл пікірді терістеді. Қытай СІМ өкілі сөзінде: «Солтүстік Корея ядролық мәселесін шешу үшін бір Қытай ғана емес, барлық тарап ортақ жұмылуы керек. Солтүстік Корея ядролық бағдарламасы Қытайға қарсы пайда болған жоқ, керісінше АҚШ-тың өңірде жүргізген қате саясаттарының жемісі», – деді.
Дереккөз: qazaqtimes.com