Атырау, 28 қараша 11:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

АҚШ әскери техникаларын сынап, Солтүстік Кореяға ескерту жасады

2 840 просмотра

c-17 бомбалаушы ұшағы. Фото: Pinterest.
АҚШ зымыраннан қорғаныс жүйесін сәтті сынақтан өткізгені туралы мәлімдеді. Сонымен бір уақытта Корей түбегіндегі АҚШ қарулы күштеріне қарасты бомбылаушы ұшақтарын да кеңістікке шығарған. Бұны Солтүстік Кореяның зымыран сынақтарына жауап ретінде жасап отырғандарын айтты. Бұл туралы BBC-дің онлайн қызметі хабарлайды. 

Зымыраннан қорғану жаттығуы барысында Тынық мұхит бетіндегі С-17 ұшағынан атылған баллистикалық зымыранды, Аляскада орналастырылған Thaad зымыранға қарсы жүйесі құрлыққа жеткізбей ұстап жойған. Бұл Оңтүстік Корея, Жапония және АҚШ бірлескен әскери жаттығуы болып саналады. 

«Сад» жүйесін Оңтүстік Кореяға орналастыру ісіне Қытай күшті қарсылық танытып отыр. Алайда, АҚШ жақ Солтүстік Кореядан атылған барлық зымыранды ұстап жою үшін аталған жүйені орнатуға бар күшін салып отыр. Бұл қазір Қытай мен Ресейді қамтыған Солтүстік Шығыс Азияның өңірлік қайшылығының бір себебі. Сәуірден бері қарай Солтүстік Корея зымыран сынағын жиілете түсті. Қауіптенген АҚШ Корей түбегі маңына ауыр әскери техникаларын жақындатты. Бұл Солтүстік Кореяның ашуын туғызған болатын. 

"Егер АҚШ соғыс бастаса, біз дайынбыз" деп қорқытқан еді. Қазір АҚШ жақ Солтүстік Корея Аляскаға зымыран шабуылын жасауға қабілеті жетеді, бірақ  зымырандарының дәлдігі жоқ деп қарайды. Бірақ, Оңтүстік Корея жасаған мәлімдемесінде КХДР зымырандары әлемнің кез-келген жеріне шабуылдай алады деп ескертіп келеді.

Дереккөз: qazaqtimes.com

31 шілде 2017, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.