Редакцияға Сәтпаев даңғылындағы №18, 20, 22, 24, 26, 28 үйлердің тұрғындары электрмен қамтудың нашарлығына қатысты шағымданды.
- Маусым басталғалы, яғни, Атырауда аптап ыстық басталғалы желідегі кернеу күрт азайып кетті. Сплит-жүйелер салқындата алмайды, үнемі кернеу іркілісі орын алып, әлсін-әлі жарық өшіп қалады, - дейді тұрғындар. – Біз өзіміздің «Азамат Аман» ПИК-імізге хабарластық. Ондағылар бұл «Атырау Жарық» АҚ құзырындағы мәселе екенін айтты: Сәтпаев, 22 мекенжайындағы үйдің жанында орналасқан трансформаторлық қосалқы станция жүктемені көтермей қалып тұр.
Ал өткен жылдың мамырында Энергетика министрлігі «Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін» бекітті. Ол бір тұтынушыға бір жылға жалпы ұзақтығы 4 сағатқа 4 реттен аспайтын өшірулер орын алса сенімді деп есептеледі. Ал ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс осы көрсеткіш асқан жағдайда энергия таратушы ұйымдардың басшыларына 125 АЕК r-көлемінде айыппұл салынатын жауапкершілік қарастыратын 300-1-баппен толықты.
Атомдық және энергетикалық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде өңірдегі электр энергиясын негізгі тасымалдаушы және таратушы – «Атырау Жарық» АҚ-ның 2016 жылғы көрсеткіштерін ұсынды (ағымдық жылдың мәліметі келесі жылдың басында беріледі). Бұл көрсеткіш керемет екен: бір тұтынушыға өшірудің орташа көрсеткіші – жылына 1,2 сағат өшірудің орташа ұзақтығы кезінде 1,1 жағдай. Бұл нормадан үш есе кем. Бірақ өткен жылы ыстық жаз болғанда аспаптар да «ұшып», қаланың кейбір аудандарында жиі өшірулер орын алған болатын. Әлде бұл «аурухана бойынша орташа температура ма»?
Кезекті шағым Бейбітшілік даңғылы бойындағы №70 үй тұрғындарынан түсті. Бұл жерде жарық күн сайын ажыратылады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ