Атырау, 27 қараша 07:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Балықшыларға көмек

3 187 просмотра


Атырау облыстық әкімдігінде балық аулау және тауарлы балық шаруашылығы мәселелері бойынша кеңес өтті.

Бұл саладағы өзгерістер туралы түсіндірген ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитеті басқармасының басшысы Нариман ЖҮНІСОВ айтып берді.   Біріншіден, биылдан бастап мемлекет тауарлы балық шаруашылығында арнайы құрал-жабдықтарды алуға 50 пайыз, ал жем алуға 30 пайыздық субсидия береді. Бұл жерде әңгіме 100 пайыз мемлекеттік Атырау және Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыттары туралы болып отырған жоқ.

Сондай-ақ, биылдан бастап балық аулау телімдерін екінші тұлғаға жалға беруге тыйым салынбақшы.  

- Қазір адамдар телімді алып алады да, бірақ өздері жұмыс істемейді. Кез келген кісіге субарендаға беріп қойып, олар ойларына келгенін жасайды. Оны бақылап жатқан ешкім жоқ, - дейді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторы Бостан СҮЛЕЙМЕНОВ.

Тағы бір өзгеріс, лимиттер балық кооперативтері балық аулау құралдары мен жүзу құралдары санына қарай бөлінбек.

Егер бұрын балық қорларының азаюына алып келетін капрон торларды Қазақстанға әкелуге тыйым салынған болса, енді оны сатуға да тыйым салынған. Заң бұзушыларды әкімшілік тәртіпте жазалайды.   

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Суретті түсірген автор

31 шілде 2017, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.