Атырау, 27 қараша 07:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Аудандар: жаңа оқу жылына бір ай қалды

3 217 просмотра
Көрнекі сурет.


МАХАМБЕТ

Биыл Алға ауылындағы бастауыш мектептің күрделі жөндеуіне облыстық бюджеттен 49 млн 438 мың теңге, ал Махамбет ауылындағы Шонаев атындағы орта мектептің жөндеу жұмысына 16 млн 533 мың теңге бөлінген болатын. Бұл жұмыстар енді қолға алынған.

- Мердігер мекеме оқу басталғанша бітіреміз деп уәде беріп отыр. Ауданның басқа мектептерінің жөндеуіне 4 млн теңге бөлінген, жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ, 17 мектепке турникет орнатуға 13 млн 600 мың, жылу қазандығының қысқы дайындығына 3 млн 600 мың, ал бейнебақылау орнатуға 5 млн 700 мың теңге жұмсау жоспарланып отыр, - деп хабарлады Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Ұлықбек ТНАЛИЕВ.

ҚЫЗЫЛҚОҒА

Аудан бойынша 13 орта және 4 бастауыш, 2 саз, 2 өнер мектебі бар. Жалпы жеңіл жөндеу жұмыстары үшін жергілікті бюджеттен 7 млн теңге қаржы бөлінген болатын. Ал Сағыз ауылындағы №9 мектептің ғимараты мен интернатына күрделі жөндеуіне 140 млн 670 мың, Қоныстану ауылындағы саз мектептері үшін 35 млн 986 мың және Миялыдағы мектепті жөндеуге 11 млн 344 теңге бөлінген. Мектептердегі материалдық базаны нығайту мақсатында 42 млн теңгенің 85 мультимедиялық проекторлар орнатылған.  

Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Әлібек ОЛЖАҒАЛИЕВТІҢ мәлімдеуінше,  №75 бастауыш мектебіне газ қосу үшін жобалау-сметалық құжаттар дайындалуда. Ал Кенбай мен Соркөл ауылдарындағы бастауыш және шағын орталыққа қажетті сұйық отын тасылуда екен.  

ҚҰРМАНҒАЗЫ

Аудандағы 35 мектеп бар. Биыл Балқұдық ауылындағы мектепке күрделі жөндеуді «Декор» ЖШС-і жүргізуде. Лабай ауылындағы 80 оқушыға арналған мектептің құрылысын «Атырау ЖБИ» ЖШС-і жүргізуде (жобаны бюджеті - 283 млн 600 мың теңге).

Приморье ауылындағы 300 оқушыға арналған Гагарин мектебінің құрылысын «БЕКиКО» ЖШС жүргізуде (666 млн 300 мың).

Лабай ауылындағы мектеп биыл тапсылмақшы. Күрделі жөндеу жұмысы сағызша созылған Нұржау орта мектебі туралы Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Өркен ТӘЖІБАЕВ былай дейді:

- Енді бұған 7 млн 205 мың теңге бөлініп, «РСУ Нургаиев Джамбул» ЖК-сімен келісімшарт жасалып, жобалық-сметалық құжаты жасақталуда.

ЖЫЛЫОЙ

Аудандық жеті мектептің (№1,3,4,5,7,9,2) күрделі жөндеуіне 662 млн теңге бөлінді. Жұмыстар аяқталды. Аудандық білім бөлімінің бас маманы Гүлжансара ТАҢАТАРОВАНЫҢ айтуынша, бүгінде орыс тілді мектептерде 50 мұғалім жетіспейді. Биыл Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облысынан 34 маман келеді деп күтілуде.

ИНДЕР

Осы жылы Аққала және Гребенщик ауылдарындағы 120 оқушыға арналған екі мектеп тапсырылады деп жоспарлануда. Ал Құрылыс ауылындағы орта мектептің «БЕКиКО» ЖШС жүргізіп жатқан құрылысы жаңа оқу жылына қарай аяқтау жоспарланып отыр.

- Ішкі жұмыстары 95 пайызға бітіп тұр. Енді мектеп алдына төсемтас төсеу, жарықтандыру, т. б. жұмыстар жүруде. Құрал-жабдықтар да әкелініп, орнына қойылатын болады, - деп хабарлады құрылыс штабының басшысы Әділбек ДАЙЫНОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

31 шілде 2017, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.