Түркия Ресейден С-400 зениттік ракеталарын сатып алмақ. Екі ел 25 шілдеде келісімге қол қойған. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоған мәлімдеді.
"Келісімге қол қойылды. Алла қаласа, бізде C-400 ракеталары болады және алдағы уақытта оны өзіміз құрастыра бастаймыз" деді ол. Ресей федеральды қызмет өкілі Дмитрий Шугаев Мәскеу мен Анкара ракета жеткізу бойынша келіссөз жүргізгенін растап, "барлығы ойдағыдай" деп мәлімдеген.
Шілденің ортасында Bloomberg келісім құнын 2,5 миллиард долларға бағалаған.
Өткен аптада Пентагон "C-400 ракеталарын орнатқан жағдайда түркиялық әскерилерде техникалық мәселелер шығатынын" айтқан. Ал АҚШ қорғаныс министрі Джим Мэттис НАТО жүйесіне ресейлік техникалар болмауы тиіс деп ескерткен.
Дереккөз: Азаттық