Облыс орталығындағы Қайыршақты ауылдық округінің Талғайраң поселкесі маңында 1040 гектар алаңға тұрғын үй алаңы салынады. Бұл туралы Атырау әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИ хабарлады.
Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінде тұрғын үй массивін нақтылы жоспарлау жобалары (НЖЖ) әзірленуде.
- Оған әлі атау берілген жоқ. Екі кезеңде бұл жерде көппәтерлі 162 үй салынатын болады. Пәтер саны мен нақты құрылыс мерзімдері НЖЖ бекітілгеннен кейін аталатын болады, - деп хабарлады М.Қалауи.
Естеріңізге салсақ, 2016 жылдың қарашасында үкімет мұнай астанасы құрылысының бас жоспарын бекітті. Соған сәйкес қала солтүстік бағытта - Талғайраң мен Бесікті ауылдарына қарай дамитын болады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ