Бұл біздің қаламыздың екі түрлі келбеті бейнеленген суреттер топтамасы – байырғы және қалаға жаңадан қоныс тепкен қала тұрғындары үшін керемет сыйлық. Анағұрлым өткен заман туралы айтпағанның өзінде, осыдан 10-20 жыл бұрын қаламыздың қандай болғанын ұмытып қалдық. Фотограф Михаил ХВАННЫҢ жобасы тарихқа айналған Гурьев пен қазіргі Атырауды еске алып, салыстыруға мүмкіндік береді.
Бұл кадр түсірілген жерді табу қиынға түспейді. Бұл су айдауыш мұнарасы Гурьев сәулетінің елеулі құрылыстарының бірі. Ол АМӨЗ-дің өз қызметкерлері үшін салған жұмыс қалашығына сүйкімділік беріп тұрды. Атауына бас қатырып жатпай, «жилой» деген сөзді қысқартып, содан Жилгородок (Тұрғын үй қалашығы) деп аталып кетті.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген Михаил Хван