Атырау, 27 қараша 07:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Журналистер сарбаздар дулығасын киді

2 281 просмотра


«Батыс» өңірлік әскери қолбасшылығы 41433 әскери бөлімшесінде баспасөз турын ұйымдастарды. БАҚ өкілдерін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет ОСПАНОВ қарсы алды.

Ол қысқа әрі нұсқа айтты:

- Ата-аналар қауымы баласы көшеге шығып бара жатса да оның қай жерге кетіп бара жатқанын білгісі келеді. Сол секілді, Отан алдындағы парызын өтеп жатқан балаларының қандай жерде, қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын ата-аналары сіздердің мақалаларыңыз арқылы білсін.

Бұдан соң тілшілер әскери техникалармен, қару жарақтар түрлерімен танысып, әскери казарма ішіне экскурсия жасады (сарбаздар бұл кезде жаттығу алаңында болды). Әскердегі ең бірінші талап – тазалық пен төзімділік. Казарма бұл талапқа толық сай. Жауынгерлердің жататын бөмелеріне кірсең сарбаздардың төсектері жинақы. Бір бөлмеде 20 сарбаз жатады. Бөлмелерінде кондиционер іске қосылған. Демалыс бөлмесінде – теледидар, гитара, баян және газет-журналдар тігіндісі қойылған.

- Ақтөбедегі террактілік жағдайдан кейін әскердегі қауіпсіздік одан әрі күшейтіліп, казарма сыртына бейнекамералар орнатылды. Бір мезетте 5 мың адамға қару бере алатын жағдайымыз бар, -дейді генерал.

Бұдан соң журналистер жаттығу алаңына шығып әр түрлі ұрыс қимылдарына арналған арнайы әскери қызметкерлердің жаңа үлгідегі киімдерімен танысты. Бұдан кейін арнайы топ теракт кезіндегі іс-шараларын көрсетті. Журналистерге  де бастарына дулыға, үстіне бронжелет киюіге рұқсат етілді, АК-74 автоматынан нысанаға оқ жаудырды.

- Біз дене жаттығулары мен қатар мұндай атыс дайындықтарына үлкен мән береміз, - дейді бізбен әңгімелескен әскери топ командирі Нұрбек АЙТҚАЛИЕВ. – Сарбаз жақсы дайындалған және өзінің әскери біліктілігін кез келген сәтте қолдана білуі тиіс.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор


20 шілде 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.