"Вконтакте" әлеуметтік желісінде өлім тобын құрып, "көк кит" ойынын ойлап тапқан Филипп Будейкин (суретте) Тюмень облысы Тобыл аудандық сотының шешімімен үш жыл төрт айға сотталды. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады.
2016 жылы қарашаның 16-сында Ресейде өзін желіде Филипп Лис деп атайтын 21 жастағы Филипп Будейкин ұсталған еді. Тергеу болжамынша, Будейкин сыбайластарымен бірге «ВКонтакте» желісінде сегіз жабық топ құрып, жасөспірімдер арасында суицидті насихаттаған әрі оларға «әбден жетілдірілген психо-эмоциялық тактиканың көмегімен» қысым жасаған. Қылмыстық іс деректеріне сәйкес, оған өз-өзіне қол салып, көз жұмған ресейлік 15 жасөспірімді суицидке итермелеген деген айып тағылған.
Дереккөз: Азаттық