Бұл біздің қаламыздың екі түрлі келбеті бейнеленген суреттер топтамасы – байырғы және қалаға жаңадан қоныс тепкен қала тұрғындары үшін керемет сыйлық. Анағұрлым өткен заман туралы айтпағанның өзінде, осыдан 10-20 жыл бұрын қаламыздың қандай болғанын ұмытып қалдық. Фотограф Михаил ХВАННЫҢ жобасы тарихқа айналған Гурьев пен қазіргі Атырауды еске алып, салыстыруға мүмкіндік береді.
Суретте Жилгородоктың соңғы аялдамасының бұрынғы және қазіргі кездегі көрінісі бейнеленген. Арка үстіндегі кергіден бастапқы суреттің қашан түсірілгені көрініп тұр. Октябрьдің 40 жылдығы 1957 жылы болған еді.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА