Атырау, 28 қараша 11:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Венесуэлада ел үкіметіне қарсы жалпыхалықтық көтеріліс басталады

1 685 просмотра


Венесуэланың оппозициясы ел президенті Николас Мадуроға (суретте) қарсы тәулік бойы толастамайтын жалпыхалықтық көтеріліс болатындығы жөнінде хабарлады. 

Бұл туралы Ұлттық Ассамблея төрағасының орынбасары Фредди Гевара: «Біз 20 шілде күні 24 сағатқа созылатын тәуліктік жалпыхалықтық көтеріліс болатынын жариялаймыз», -деді. 

Жуырда Венесуэлада ресми мәртебесі жоқ, халықтық референдум өткізілген. Референдумға қатысқан 7,2 млн адамның басым көпшілігі Николас Мадуроның бастамасымен Конституцияны өзгерту мақсатында құрылғалы жатқан құрылтай жиналысына қарсы дауыс берді. Мемлекет билігі халықтық референдумның ешқандай заңдық күші жоқ деп тауып, 30 шілдеге белгіленген құрылтай жиналысына сайлаудан бас тартпайтындарын мәлімдеді. 

Естеріңізге сала кетейік, Венесуэлада ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап, Николас Мадуроның Үкіметіне қарсы көтерілістер жалғасын тауып келеді. Халық Николас Мадуроның жеке басының құзыреттілігін арттыруға жасаған қадамдары мен Конституцияны өзгерту туралы шешіміне наразы. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

18 шілде 2017, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.