Түркменстанда ондаған адам "Гүлен қозғалысымен" байланысы бар деген айыппен сотталды. Азаттықтың түркмен қызметінің хабарлауынша, Лебап облыстың соты 5-7 шілдеде кем дегенде 40 адамға қатысты шешім шығарған. Жазаланғандардың басым бөлігі - түркмен-түрік лицейінің түлектері мен қызметкерлері.
Мамырда Түркменстанда Фетуллах Гүленнің қозғалысына қатысы бар деген күдікпен елуден астам адам қамауға алынғаны хабарланған. Азатлыктың дереккөзі дәл осы адамдар жабық сотта 12-20 жыл арасында жаза алған.
Ақпан айында Ашгабат соты "гүленшіл" 18 адамды 25 жылға соттаған. Олардың арасында түркменстандық кәсіпкерлерде бар.
Түркменстанның оппозициялық сайттарының жазуынша, ел билігі мұнай-газ жұмысшыларының жалақыларының бір бөлігін қысқартып, Ашгабатта өтетін Азия ойындарының шығынын жабуға жұмсап жатыр.
Дереккөз: Азаттық