Басылымның мәліметінше, Жапонияның Украина мәселесіне қатысты Ресейге салған санкциясы, жапон делегациясының аралдарға кіруіне тыйым салуға басты себеп болған. Дегенмен Ресейдің Сыртқы істер министрлігі бұл жөнінде әлі арнайы мәлімдеме жасаған жоқ.
Атап өту керек, Курил аралдарына қатысты территориалды дау Ресей мен Жапонияның арасында әлі де шешімін таба алмай келеді. Жапония оңтүстікте орналасқан Итуруп, Кунашир, Шикотан және Хабомаи аралдарын өздерінің тарихи тиесілі жері санайды. Ал Ресей Кеңес Одағы бұл аумақты Жапонияның Екінші Дүниежүзілік соғыстағы жеңілісінен кейін заңды түрде алған деген тұжырымды алға тартады.
Дереккөз: qazaqtimes.com