Атырау, 27 қараша 07:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қоқысқа төленетін қарыз көп

2 844 просмотра


Атырау тұрғындарының қоқыс үшін «Арнаулы автобаза» ЖШС алдындағы қарызы  135 миллион теңгеге жетті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Арнаулы автобаза» директоры Самат ТҰРНИЗОВ мәлімдеді.

Цифрлар таңғаларлық емес, қоқыс үшін төленетін ақы – бір айға адам басына 120 теңге.

- Айталық, «ҚазТрансГаз Аймақ» немесе «Атырау-Жарық» берешек тұрғындарға өз қызметін тоқтата алады, ал, бізде ондай мүмкіндік жоқ, - деп қынжылыс білдірді Тұрниязов.

Бүгінде кәсіпорын балансында 202 техника есепте тұр. Оның ішіңде 38 арнайы техникаға «спутник жүйесі» арқылы бақылайтын GPS қондырғысы орнатылған. Бұл жұмысты жеделтуге мүмкіндік береді. Алға қарай аталған қондырғыны тағы 46 техникаға орнату жоспарлануда.

- Бізде жұмыс жасайтындардың көпшілігі сырттан келгендер екендігі жасырын емес, жақында біздің балансымызға  бұған дейін ТЭЦ-ке қарайтын 3 қабатты жатақхана үйі берілді. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп,  баспана жалдап отырған қызметкерлеріміздің  бір бөлігін орналастыратын боламыз. Онда олар тек коммуналдық қызметтерге ғана ақы төлейтін болады. Жатақхананың бірінші қабаты вахталық әдіспен жұмыс жасайтындарға, екінші қабаты көше тазалаушыларға, үшінші қабаты үйленген жас отбасыларына беріледі, - деп хабарлады директор.

Қоқыстармен жұмыс жасайтын «Арнаулыавтобаза» қызметкерлері үшін қандай бір инфекция жұқтырып алу қаупі бар. Тұрниязовтың айтуынша, бұған байланысты кәсіпорында бірқатар сақтандыру компанияларымен келімсішарттар бар. Бұдан басқа, аптап ыстықтарда көшеде күндіз жұмыс жасауға мүмкін болмаған жағдайда, адамдар түнгі ауысымға ауыстырылады.

- Атырау қаласында жаңбыр мен қар суы жиналатын 52 қауіпті орын бар. Жаңбыр суынан қаланы тазалау мақсатында қазір 14 бірлік су сорғыш автокөліктері дайын, - деді Тұрниязов.  – Бұдан басқа, «Атырау Су Арнасы» және вакуум автокөліктері бар жеке кәсіпкерлермен арнайы келісім-шарттар жасақталған.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Суретті түсірген автор

17 шілде 2017, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.