Атырау облысының аумағына басқа өңірлерден жеміс-жидектер мен көкөністердің әкелінуіне байланысты біздің ауыл шаруашылығы жерлеріне біздің өңіріміз үшін жаңа зиянкестердің таралуына қауіп бар. Мәселен, қауын шыбынына қатысты осылай болды.
Ол біздің өлкемізде жоқ. Бірақ өткен жылы агроөнеркәсіп кешеніндегі Атырау қалалық аумақтық инспекция мамандары осы зиянкестердің екі зақымдану ошағын – «Ракуша» ӨК мен «Алғабас» ЖШС-нің 2 гектар бақшаларынан анықтады.
- Қауын шыбыны бізге оңтүстік өңірлерден әкелінетін көп мөлшердегі қауын-қарбыздарбен бірге келеді. Біздің облыстың аумағына оңтүстік өңірлерден әкелінген тұқымдарды себу де осы зиянкестің таралуына әкелуі мүмкін. Көпшілігі себу материалына үнемдеуге тырысып, арнайы дүкендерден емес, базардан сатып алады, - дейді инспекция басшысы Шолпан ЖҰМАХМЕТОВА. – Биыл «Фитосанитария» РМК мамандары арнайы препаратпен бүкіл алаңды өңдеп шықты. Ол жерде өткен жылы қауын шыбыны анықталды. Қала тұрғындарының өздері де мұқият болғанын қалаймыз. Егер сіз сатып алған қауын немесе қарбызда қауын шыбыны бар болса, оны қоқыс шелегіне лақтырмай, жерге көміп немесе біздің инпекцияға әкелген жөн.
Тағы бір қауіпті зиянкес – шығыс жеміс жегісі біздің өңірімізге Өзбекстаннан әкелінген жемістермен келуі мүмкін. Ол бүкіл жеміс ағаштары, әсіресе, алма, шабдалы, алмұрт және айва үшін қауіпті. Биылғы жылдың маусымында кедендік қоймада инспектор Өзбекстаннан әкелінген жүкті тексеріп шығып, өрік пен қызыл шиеден шығыс жеміс жегісі мен калифорниялық сымырды анықтады.
- Калифорниялық сымыр бізде азғана мөлшерде кездеседі, ал шығыстың жеміс жегісі ешқашан біздің өлкеде болған емес, - деп атап өтті Жұмахметова. – Бір қызығы, жүкте фитосанитарлық сертификат болған, оны біздің өзбек әріптестеріміз беріпті. Сертификаттың болғанына қарамастан жүк кері Өзбекстанға жөнелтілді.
Тамара СУХОМЛИНОВА