Өткен жылы Қызылқоға ауданы Миялы селосында мал сою және ет өнімдерін дайындау цехы іске қосылған еді.
- Бұл менің көптен іске асырсам деген жобам болатын, - дейді "МиялыСервистік дайындау орталығы" ЖШС-нің директоры Сүйеуғали ДҮЙСЕАЛИЕВ. – Нәтижесінде "Атырау әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясы" АҚ-нан 70 млн. теңге несие алдым. Бұл ақшаға біз ғимараттар дайындап, құрал-жабдықтар және Ресейден он бірлік ауылшаруашылық техникаларын сатып алдық. Одан кейін өңдеу үшін мал өнімдерін, мал терісі мен жүнін де қабылдай бастадық.
- Біз өнімдерді өз дүкенімізге салып сатудамыз. Кейде көршілес ауылдарға да апарып келеміз. Негізі алушы оншалықты көп емес, сондықтан малды көп ала алмаймыз. Біз енді етті мұздатылған күйде Атырау қаласына апаруды жөн көріп отырмыз, - деді өз жоспарымен бөліскен селолық кәсіпкер.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА