Атырау, 28 қараша 11:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Оңтүстік Корея Пхеньянды әскери келіссөз жүргізуге шақырды

2 698 просмотра


Ресми Сеул Солтүстік Кореямен әскери келісім жүргізіп, екі ел шекарасы маңындағы жауласуды тоқтатуды ұсынады. Бұл туралы Оңтүстік Корея сыртқы істер министрінің орынбасары Су Чху Сок (суретте) мәлімдеді. Сок Оңтүстік Корея келіссөзді 21 шілдеде Тонгилгакта өткізуге дайын екенін айтты.

Тонгилгак - Панмунджом қалашығындағы Солтүстік Кореяға тиесілі ғимарат. Бұл жерде осыған дейін екі Корея арасындағы келіссөздер өткен. Екі ел үкіметі соңғы рет 2015 жылдың соңында кездескен. Оңтүстік Кореяның жаңа президенті Мун Чжэ Ин Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуге, қарым-қатынасты жақсартуға дайын екенін айтқан.

Оңтүстік Корея мен әлем елдері Солтүстік Кореяның баллистикалық ракеталарды жиі сынауына алаңдайды. БҰҰ Солтүстік Кореяның зымыран бағдарламасына шектеу қойған.

Дереккөз: Азаттық

17 шілде 2017, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.