Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өзін тақтан тайдырмақ болғандырдың «бастарын кесіп алатынын» айтты.
Режеп Тайып Ердоған былтыр елде жүзеге аспай қалған мемлекеттік төңкеріс құрбандарын еске алуға байланысты ұйымдастырылған іс-шарада: «Біз жоғары заңмен басқарылатын мемлекетпіз. Егерде өлім жазасын қайта енгізуге байланысты заң жобасын парламент мақұлдайтын болса, мен оған қол қоюға дайынмын. Біз ел тәуелсіздігі жолында көптеген құрбандыққа бардық. Бірақ біз бұл құрбандардың орынына тәуелсіздікті алдық. Егерде мені тақтан тайдыруға қандайда бір әрекеттер жасалатын болса, біз бірінші кезекте ол сатқындардың басын кесіп алатын боламыз» - деді.
Естеріңізге салайық, шілденің 15-сі күні 2016 жылы Түркияда іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс құрбандарын еске алу күні болған. Бұл күн Түркияда демократия және ұлт бірлігі күні болып жарияланған.
Дереккөз: qazaqtimes.com