Атырау облыстық ІІД басшысы Аян ДҮЙСЕМБАЕВ жеке құрамға ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет ҚАСЫМОВТЫҢ бұйрығымен тағайындалған кадрлық қызмет бойынша өзінің жаңа орынбасары Берік АМАНГЕЛДІНІ таныстырды.
2010 жылы Б. Амангелді облыстық жол полициясына басшылық етті, 2013 жылдан бастап ІІД көші-қон полициясы басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. Бұрын бұл лауазымда жұмыс істеген Асан Шалқаров «ІІД қарауына қалдырылды».
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА