Атырау, 28 қараша 11:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ресей өзге елде мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған

2 103 просмотра

Черногорияда 2016 жылдың 16 қазанында мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғандардың ұсталуы.
АҚШ Сенаты Ресейді 2016 жылы Черногорияда мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болды деп айыптады. 

АҚШ-тың Атлант кеңесінің вице-президенті Дэймон Уилсонның айтуынша, 2016 жылы Черногорияда мемлекеттік төңкеріс жасау Ресейдің «Б» жоспары ретінде қарастырылған. Оған дейін Мәскеу Балқан түбегіндегі бұл елге Сербия проваслав шіркеуі арқылы, БАҚ арқылы, НАТО-ға кірмеу үшін түрлі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу арқылы қысым көрсеткен. Бұл жұмыстардың ешқайсысы нәтиже бермегеннен кейін «Б» жоспарына яғни мемлекеттік төңкеріс жасауға көшкен. Бірақ онысынан түк шықпаған. 

Естеріңізге салайық бұған дейін 2016 жылы күзде Черногория прокуратурасы елде мемлекеттік төңкерістің және сол кездегі ел премьер-министрі Мило Джукановичқа жасалған қастандықтың алдын алғандықтары жайында мәлімдеме жасаған болатын. Черногория НАТО-ға 2017 жылдың 5 маусымында ресми түрде қабылданған. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 

14 шілде 2017, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.