Атырау, 28 қараша 11:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Ислам мемлекеті» ұйымы өз ішінен бөліне бастады

2 831 просмотра

Фото: inosmi.ru
"Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының бірнеше  содырлары Ирактың Найнава  провинциясындағы Таль-Аффар қаласын жеке мемлекет ретінде жариялап, өздерін халифаттан тәуелсіз топ есебінде таныстырды.  

"Жаңа халифаттың" мүшелері жергілікті халықты қорқытып, олардың билігіне қарсылықсыз бағынуға шақырған. Таль-Аффардағы ұйымнан іргесін аулақ салып, бөлінген топ "Ислам мемлекетінің" басшысы Абу Бакр әл-Бағдадидың өлімінен кейін, джихадшылардың бірлігіне сызат  түсе бастағанын көрсетеді. Таль-Аффарда Абу Бакр әл-Бағдадидың жақтастарын жаппай тұтқынға алу жүргізіліп жатыр. 

Естеріңізге сала кетейік, лаңкестік ұйым басшысының қазасын  11 шілде күні ресми  растаған болатын. Оның орнына билікке кім келгені жарияланған жоқ.

Дереккөз: qazaqtimes.com 


14 шілде 2017, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.