Осылай Фетхуллах Гюлен Түркия басшылығының оны экстрадициядан бас сауғалап, Канадаға қашуы мүмкін деген мәлімдемесін жоққа шығарды. Дегенмен ол АҚШ Үкіметінің Түркияның сұрауына оң жауап қайтармайтынынан үмітті екенін жасырмады.
Осыдан бұрын Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған АҚШ Президенті Дональд Трамптан Фетхуллах Гюленді өз мемлекетіне экстрадициялау туралы сұрағанымен, Американың Әділет министрлігі осы іске қатысты жеткілікті дәлелдер келтірмегені себепті, бұл өтінішті қанағаттандыру орынсыз деп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың мамыр айында Түркия Фетхуллах Гюленді өткен жылдың 15 шілдесінде орын алған мемлекеттік төңкеріс үшін жасалған талпыныстың ұйымдастырушысы деп кінәлаған еді.
Дереккөз: qazaqtimes.com