Атырау, 27 қараша 09:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Миялыда сармат алтыны табылды

5 727 просмотра


Қызылқоға ауданында сыры ашылмаған тарихи жерлер көптеп саналады. Көне қорғандарды зерттеу жұмыстарын Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі жүргізуде. 

Ал Жангелдин ауылдық округіне тиесілі аумақта орналасқан ерте темір кезеңінің «Миялы қорғандар тобында» қазба жұмыстары жүріп жатыр.


Қазба жұмыстары кезінде сармат тайпаларының қабірлері, жебелер, қорамсақ, аң стилімен әшекейленген қола қазан, қыш құмыра, алтын жапсырмалар, әшекей бұйымдар табылған.  

Қазба жұмыстарына Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-дың тарих факультетінің ұстаздары мен студенттері, сондай-ақ, М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінен келген әріптестері қатысуда. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор


13 шілде 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.