Шілденің 7-сінен 8-іне қараған түні Қызылқоға ауданындағы дала өртін сөндіру кезінде Миялы ауылдық округі әкімінің қызметтік көлігі түгі қалмай жанып кетті.
УАЗ Patriot автокөлігі ауыл әкіміне берілгеніне әлі жыл болмаған. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, көліктің жанармайы толы болғанын бейнежазбадан анық естуге болады. Өрт салдарынан көлік салонында зардап шеккендер жоқ.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ