Өткен жылдың тамызында Атырауда қажетті суару құбырының құрылысы басталды. Оны пайдалануға беру, нысан төлқұжатына сүйенсек, биылғы жылдың мамырына жоспарланған. Алайда ол әзір болмады.
Жобаның өзі – ағаштарды тамшылатып суару жүйесімен және газондарға арналған спринклерлік бүріккіштермен жарақталған. Бүкіл жүйе автоматтанған, бұл суару мерзімділігін және топырақтың ылғалдылығы есебімен оның қарқындылығын білдіреді. Су құбыры Сәтпаев даңғылынан өз бастауын алады, әрі қарай Әбілқайыр хан даңғылының бойымен әуежайға дейін. Төрт тізбек пен бүкіл су бұру жүйесін қосқанда жалпы ұзындығы 42 шақырым. Мердігер – қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша «Алматыинжстрой» ЖШС, толықтай жергілікті бюджеттен қаржыландырылады (бұдан бұрын хабарланғандай, бұл 678 млн теңге).
Біз қалалық құрылыс бөлімінен жаңа суармалы су құбырының не себепті әлі күнге дейін пайдалануға берілмегенін анықтауға тырыстық, алайда жартымды жауап ала алмадық. Бөлім мамандары су құбырын сынамалық іске қосу 15 шілдеге, ал түгелдей іске қосу 31 шілдеге жоспарланғанын ғана хабарлады.
Біз қалалық ТКШ бөлімінен бүгінгі күні Атырауда жасыл-желектерді суару қалай жүзеге асып жатқанын сұрадық. Сауалға берілген жауапқа сүйенсек, ескі суару жүйелері (Азаттық аялдамасының бойымен «Юность» аялдамасынан бастап «Молекулаға» дейін, Әуезов көшесінің бойымен «Молекуладан» бастап Жилгородоктың соңғы аялдамасына дейін, Құнанбаев көшесінің бойымен Перетаскадан Балықшы паркіне дейін, Сатыбалдиев көшесінің бойымен көпірден Алмагүл ықшамауданына дейін, Әлиев көшесінің бойымен көпірден Құрманғазы көшесіне дейін, облыстық және қалалық әкімдіктердің аумағында), сонымен қатар суару-жуу машиналары қолданылады екен. Бұл жұмыстарға ағымдағы жылы қалалық билік 214 млн теңге бөлді.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор