Атырау, 27 қараша 09:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Біздің әртістер алғашқы екі орынды иеленді

2 598 просмотра

Астанада  13-тен 29 жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі жастар арасында І республикалық фестиваль өтті.

Байқау бес шығармашылық және спорттық номинациялар бойынша өтті. Оларға алты облыстан 100 шақты байқауға қатысушылар қатысты. Біздің өңірімізден «Өмір гүлі» мүгедектер ансамблі өнер көрсетті.

- Вокалдық байқауда Александр Серовтың репертуарындағы «Я люблю тебя до слез» әнін әсерлене орындаған Махамбет ауданынан келген 29 жастағы Ерлан ЖҰМАБАЕВТЫҢ бірінші орын алғаны қуантады, - дейді ансамблінің көркемдік жетекшісі Тыныш ЖАҚЫПОВА. – Вокал бойынша екінші орынды 15 жастағы әнші Ақерке БОРАН иеленді. «Аспаптық орындау» номинациясында біздің «Ёнг старс» ансамблі жеңімпаз атанды. Оған қоса, боулингте ансамблдің бас-гитарашысы Ринат Сиражев екінші орын алды. Топ құрамына Р.Сиражев, Эрнест Бахтияров (ритм-гитара), Бекзада Асқарова (пернелі аспап), Айзада Асқарова (соғымпаз), солистер - Ақбаян Бірән, Дәулет Есқабыл және Рита Рушан кіреді. Жүлделі орын алған байқауға қатысушылар «MEGA SilkWay» сауда-ойын сауық орталығында өткен гала-концертке қатысты. Ол жерде байқауға қатысушыларды қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Астана қалалық мәслихатының депутаттары құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Бұл жерде ансамблдің орындауында Шәмшінің «Арыстың жағасында» әні шырқалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 шілде 2017, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.