Атырау, 27 қараша 09:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Тозақтан қашып құтылу

Толықтырылды
4 189 просмотра

Атырау облыстық ауруханасының №1 неврология бөлімінің пациенттері әңгімелеген хикая қатыгездігімен таң қалдырады. Бұл бөлімшеге Қарақалпақстанның тумасы, 26 жастағы Паруаз МНАЖАТДИНОВА 28 маусымда түскен. Аяусыз соққыға жығылған оны полицейлер Авангард ықшамауданынан тауып алған. Жедел жәрдемді де солар шақырған.

Жас әйел ауруханаға ауыр күйде жеткізілді. Бала кезден қояншық ауруымен ауырады екен, ал аяусыз соққыдан кейін оның жағдайы нашарлап кетті. Қояншық ұстамасы бірінен кейін бірі қайталана берді. Пациент өз-өзіне келген кезде палаталас көршілеріне басынан кешкен жағдайды әңгімелеп берді. Паруаздың дәрменсіздігін көрген олар «АЖ»-ға көмек сұрап жүгінді.

Сонымен, өткен аптада мен бірнеше рет жолыққан Паруаздың айтуынша, ол Нөкістен Ақтауға күйеуіне барады. Пойызда үш қызбен танысқан. Олардың бәрі ниқаб киіп алған, сондықтан бет-жүздерін көрмеген. Олардың бірінің өзін Жұмагүлмін деп таныстырғаны есінде.

- Олар маған Атырауға үйлеріне бара жатқанын айтып, пойыздан түсіп, өздерімен бірге кетуге көндіре бастады, - деп әңгімеледі Паруаз. – Бала күтуші жұмысын ұсынып, күн сайын 2800 теңгеден төлеп тұруға уәде берді. Бұл өте жақсы ақша. Мен туыстарыма көмектескім келді, сондықтан келістім. 21 маусымда Атырауға келдік. Вокзалда бізді ақ джиппен ер адам күтіп алды. Мені екі қабатты коттеджге апарып, төлқұжатым, туыстарымның нөмірлері бар телефоным салынған сөмкемді алып қойып, жертөлеге қамап тастады. Бала күтуші жұмысының орнына мені әлдебір кафеде жұмыс жасауға мәжбүрледі. Сосын шағын мешітке апарады, ол жерде де тамақ дайындауға тиіс болдым. Түндерімді егеуқұйрықтар жайлаған жертөледе өткіздім, олар аяғымды тістеп алатын. Ол жерде бірнеше күн өткізген соң, мені алдап соққандарын түсіндім. Сәтін тауып, қашып кетуді ұйғардым. Алайда ол адамдар ұстап алып, ұрып-соға бастады. Басымнан ұрып, шашымнан сүйреді. Сосын да ұстамам ұстаған шығар. Мен сегізінші сыныптан бері қояншық ауруымен ауырамын. Олар қорқып кетіп, мені көшеге лақтырып тастады. Өз-өзіме келген кезде, басым ауған жаққа қарай жүгіре бердім...

Бұл хикаяның қаншалықты шынайы екенін білмеймін. Алайда факт бар: біреулер аяусыз соққыға жыққан әйел құжаттарсыз аурухана кереуетінен бір шықты.



Палаталас көршілердің айтуынша, Паруазға полицейлер келген:

- Олар онымен әңгімелесті. Бірақ ол арыз жазған жоқ. Полицейлер арыз жазуды ұсынған жоқ, ал ол тіпті бұл туралы ойламады да. Оның үстіне, қазақ тілін де, орыс тілін де білместен, ұстамасы бірнеше сағат сайын қайталап отырған күйде қалай жазсын.

Паруазбен мен алғаш 5 шілдеде кездестім. Осы күннен бастап атыраулық полицейлерден комментарий алуға әрекеттеніп келем, бірақ түк шықпады. Оларға қояр сұрағым көп: осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды ма? Зардап шегушінің туыстарын іздеу шаралары алынып жатыр ма? Паруаз Мнажатдинованы отанына жіберу үшін құжаттарды ресімдеу мәселелері шешіліп жатыр ма?

Ал демалыс күндері бұған бей-жай қарамаған қала тұрғындары табылды. Олар Паруазға киім-кешек пен дәм, байланысты болу үшін ұялы телефон әкеліп берді. Өздеріне таныс Өзбекстан азаматтарына Досназаров совхозында тұратын және Атырау қаласында ауыр жағдайда қалған 26 жастағы Қарақалпақстан тумасы туралы сілтемелер таратты. Паруаздың хикаясы лезде көпшілікке тарап кетті. Туыстарының байланыс деректері екінші күн дегенде табылды. Паруаздың әкесімен хабарласып, қызының басынан өткен жағдайды баяндады. Өкінішке орай, бұл қарт қызының артынан баруға күші де, материалдық мүмкіндігі де жоқ екенін айтты.  

Бүгін, 10 шілдеде таңертең Паруаз бізбен хабарласып, дәрігерлердің оны ауруханадан шығаруға дайындап жатқанын айтты. Шыққан кезде баратын жері де жоқ...

Біз Паруаздың басындағы жағдай ол үшін жақсы жағына шешіліп, бейтаныс адамдарға сенбеу керектігіне үйретіп, сабақ болады деп үміттенеміз. 

Полицияға қатысты айтар болсақ: біздің ақпаратымыз бойынша,  10 шілдеде Паруаз Мнажатдиновадан құқық қорғау органдарына шағым түскен. ҚР ҚК 126-шы («Бас бостандығынан заңсыз айыру») бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, алдын  ала тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

10 шілде 2017, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.