«ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) баспасөз қызметі «АЖ»-ға мұнай құбыры компаниясы Батыс филиалының (БФ) жоспарлы таратылуына байланысты қойылған сауалдарға жауап жолдады.
- 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БФ-ны тарату жоспары туралы комментарий берсеңіз.
- ҚТО-ның барлық бастамалары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) трансформация бағдарламасының аясында жүргізіледі. Трансформация – ұйым қызметінің бүкіл саласын қозғайтын жүйелі процесс. «ҚазТрансОйл» АҚ рентабельділігін есептеу және бағалау жекелеген құрылымдық бөлімшелер бойынша емес, жалпы компания бойынша жүргізіледі. БФ осындай мекеме болып табылады.
- «Трансформациядан» кейін мұнай құбырының қызметкерлерінің еңбекақы мөлшері азая ма? 2017 жылдың 1 маусымынан бастап БФ басшысы адамдарды жұмысқа қабылдай алмайды, өйткені осы уақыттан бастап бос орындарды бөлумен ҚТО орталық аппараты айналысады деген ақпаратқа түсінік берсеңіз.
- «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының кадрлық саясаты аясында «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік филиалдарындағы бос орындарға орналастыру орталық аппараттың мақұлдауымен жүзеге асырылады. Басшылық құрамға жатпайтын филиал қызметкерлерімен еңбек қарым-қатынасын ресімдеу филиал директорларының құзырында.
Трансформация бағдарламасының аясында қызметкерлердің еңбекақы мөлшерін төмендету қарастырылмайды.
- Жарамсыз қызметкерлерді жұмыстан шығару үшін басшылық қызметкерлерді аттестаттаудан өткізгені туралы ақпаратқа комментарий айтсаңыз. Онда тек атестаттаудан өткен қызметкерлер ғана қалады деген рас па?
- Ішкі құжаттарға сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ үш жылда бір рет аттестаттаудан өткізеді. Соңғы үш жылда компания мен оның құрылымдық бөлімшелерінде аттестация өткізілген жоқ.
- ҚТО-дағы жүргізушілер мен тазалаушыларды аутсорсингке жібереді деген рас па?
- Жол картасымен бекітілген 2017 жылғы 28 сәуірдегі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Трансформация бағдарламасына сәйкес, профильдік емес функцияларды: ІТ, тамақтандыру және тазалау жұмыстарын ұйымдастыру, сонымен қатар, персоналдарды тасымалдау бойынша аутсорсингке шығару жобаларын жүзеге асыру қарастырылған.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ