Қызылқоға мен Индер аудандарында үш күннен бері дала өрті өршіп тұр. Оған қоса, күшті жел тұрып, өрт аумағының ұлғаюына әкеліп соққан.
Қызылқоға ауданында «Қоңырауды», «Наршөккен», «Аққұдық», «Қияқты», «Жаңақорған», «Қазантөңкерген» учаскелеріндегі 10 мың гектар жер өртеніп кетті.
Индер ауданы Елтай ауылдық округіндегі шамамен жеті мың га жайылымдық және шабындық жерді өрт шарпыған. Индер ауданының әкімі Серік АРЫСТАННЫҢ айтуынша, өрт сөндіруге еріктілер де жұмыла кіріскен, жұмыс күні-түні жүргізілуде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА