Кеше, 5 шілдеде Астана күніне орай Махамбет ауылында МузАрт тобының тегін концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.
Концертті тамашалау үшін алаңға жиналған халықтың қарасы қалың болды. Көпшіліктің сүйікті тобы махамбеттіктерге ел аузында жүрген «Туған жер», «Сағындым Алматымды» секілді репертуарындағы 20-ға жуық əндерін ала келген.
- Махамбетті халық үшін қызмет еткен біртуар азаматтарды тудырған мекен ретінде білеміз. Ауылдарыңызға ат басын тірерде жолшылай хан ордалы Сарайшыққа да соға келдік. Баршаңызды елорда күнімен құттықтай отырып, сіздерге əдемі көңіл күй тілейміз, - деді аудан тұрғындарын құттықтаған топтың əншісі Сəкен МАЙҒАЗИЕВ.
Кеш барысында бүлдіршіндер де сүйікті əншілерімен бірге естелік суретке түсуге мүмкіндік алды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор