Атырау, 27 қараша 09:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Гемодездің екі литрін тамызыңыз

2 812 просмотра
Көрнекі сурет.

Индер ауданында қарақұрт-өрмекшілердің шағуынан Бөдене ауылында алты түйе және Өрлік ауылында бір өлген.

Қатты ыссылық адам мен мал үшін өте қауіпті өрмекші тәрізді жәндіктің көбеюіне әкеліп соқтырып отыр. Бұл жолы түйелерге жаудай тиген. 

- Мал иесі қарақұрт шаққан түйені дер кезінде анықтап, көмек көрсетсе аман сақтап қалуға болады. Ал егер екі, үш күн өтіп кетсе, онда денесіне у жайлаған мал тірі қалмайды. Шұғыл көмек көрсету үшін алдымен малдың қызуын басу үшін суға шомылдырып, дымқыл жерге жатқызып, система – гемодез салу керек. Препараттың шамамен екі литрін тамызу керек, - дейді. – «Индер аудандық ветеринариялық стансасы» КМК директоры Ербол БӨКЕЕВ. Бұл жолы уақытында берілген көмектің арқасында Жарсуат пен Көктоғай округтерінде 20 түйені аман алып қалуға қол жеткізілді.  Өлген малдарды өртеп, көміп тастап жатырмыз. Ол үшін бюджеттен өтемақы қарастырылмаған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 шілде 2017, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.