Атырау, 27 қараша 09:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Құтқару нүктесі

2 595 просмотра

Көрнекі сурет
Бүгін, 5 шілдеде Жылыой орталық аудандық ауруханасында гемодиализ орталығы ашылды.

Ауданда нефрологтардың есебінде бүйректі үнемі сүзгіден өткізуге мұқтаж 13 пациент тұр. Бұрын Құлсарыда жасанды бүйрек аппаратының болмауы салдарынан олар Атырауға немесе басқа өңірлерге емделуге баруға мәжбүр болатын.

Жаңа орталықта Швейцарияда шығарылған жасанды бүйректің заманауи 6 аппараты орнатылған. Қазір бұл жерде 2 дәрігер мен 3 медбике жұмыс істейді. Штат кеңейіп, тағы бірнеше маман оқуға жіберіледі.

Атырауға келер болсақ – облыстық ауруханада жасанды бүйректің  9 аппаратымен жарақталған гемодиализ бөлімшесі бар. Қазір тағы бір аппарат сатып алынды, ал төртеуі жақында анағұрлым заманауи үлгілерге ауыстырылған.

Облыста барлығы 117 пациент бар, оларға үнемі гемодиализ қажет. Олардың 75-і Атырауда, қалғандары аудандарда тұрады. Өмір сүру үшін қажетті процедурадан өте алатын медициналық нүктелер енді екеу болды – облыс орталығында және Құлсары қаласында.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 шілде 2017, 18:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.