Қазіргі кезде Еуропаның, Ресейдің, Американың ұлы композиторлары мен музыканттары туралы, музыканың бұл ғұламаларын одан сайын танымал етіп, әлемге паш ететін тамаша фильмдер аз емес. Бұлардың арасында ХІХ ғасырдағы қазақтың көрнекті күйші-композиторы Құрманғазы САҒЫРБАЕВ лайықты орын алуы тиіс.
Замандастарының ішінен ең алғаш болып орыс журналисі, ақын әрі музыканы шебер бағалаушы Николай САВИЧЕВ оның бойынан талантты кәсіби композиторды көрді. Ол композитордың мүмкіндігін дәл айқындап, 1868 жылдың қыркүйегінде «Уральские войсковые ведомости» газетінде жарияланған өз очеркінде: «...Сағырбаев Құрманғазы - музыкаға қабілеттілігі жағынан сирек кездесетін тұлға. Еуропаша білім алса, ол музыка әлемінде ең жарық жұлдыздың өзі болған болар еді», деп жазады.
Өткен ғасырдың ортасында «Қазақфильм» киностудиясы ұлы қазақ композиторының экрандағы келбетін жасауға жұмыстанды. Алайда фильмді қоюшылар Құрманғазы туралы әлемдік деңгейдегі композитордан бұрын барымташы ретінде танымал болған қарапайым музыкант жөніндегі аңыздан аттап кете алмады. Бұл фильмді тез арада көрермендер де, прокатшылар да ұмытты.
Мен, Құрманғазының жерлесі әрі оның мәңгілік музыкалық мұраларын шынайы қадірлеуші ретінде бұл жайтты ретке келтіру қажет деп есептеймін. 2016 жылдың қазанында менің киносценарийім беделді VII Халықаралық «Золотой Витязь» славян әдебиеті форумында Алтын дипломға ие болды. Байқауға әлемнің 27 елінен жазушылар мен кинодраматургтар қатысты. Біздің фильміміз осы жүлделі киносценарий бойынша түсірілетін болады.
Мен кәсіби әрі тәуелсіз кинорежиссер және кинодраматургпын. Халық ақшасына халық батырлары мен ұлт кемеңгерлері туралы фильмдер түсірген Ресейдегі, Батыс Еуропа мен АҚШ-тағы кейбір әріптестерімді үлгі ете отырып, мен де мемлекеттен тілемсектеніп қаржы сұрамай, халық ақшасына танымал қазақ композиторы туралы фильм түсіруді ұйғардым. Сондықтан да сіздерге фильмге қаржылай қолдау көрсету өтінішімен шығып отырмын.
Қазақстандықтар мен ресейліктер (Құрманғазы Ресейде дүниеге келіп, сол жерде өмір сүріп, көз жұмған), қарапайым жандар мен бизнесмендер жомарттық танытып, төменде көрсетілген банк шотына мүмкіндіктеріне қарай көмек бере алатын сомаларын жібереді деп қатты үміттенемін. Көрнекті композитордың елу жылдық өмірін қамтитын осынау ауқымды фильмді жасауға Қазақстанның, Ресейдің, Белоруссияның, Түркияның кәсіби актерлары қатысады. Халық қаржысы есебінен түсірілетін фильмге қатысты жасалған жұмыстар туралы есеп тұрақты түрде баспасөз беттерінде жарияланып тұрады.
Карл ИСАБЕКОВ,
Сценарий авторы, кинорежиссёр, халықаралық кинофестивальдар мен әдеби байқаулардың лауреаты.
Ұялы телефон: +7(775)1920740.
Банк пен арнайы шот реквизиттері: HALYKBANK, №KZ156010002008784017 шот
«Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ Атырау ОФ
Заңды мекен-жайы: 060011 Атырау қ., Сәтпаев көшесі, 4
БИК HSBKKZKX БИН 970 541 000 638
Жеке және заңды тұлғалардан халықаралық аударымдар алу үшін реквизиттер
Алушының банкі: «Сбербанк России» ААҚ, Мәскеу қ., РФ
БИК: 044525225
К/С: 30101810400000000225
Алушы: Алматы қ., «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Қазақстан
ЖСН 9909108921
Исабеков Карл (Issabekov Karl) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да
KZ156010002008784017 («Төлемді белгілеу» алаңында көрсетіледі)
Ресей рублімен аударымдар алу үшін
Алушының банкі: «НБК-Банк» ААҚ, Мәскеу қ., РФ
БИК:044583637
К/С: 30101810700000000637
Алушының шоты: №30111810809270000003
Алушы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Алматы қ., Қазақстан
ЖСН 9909108921
IssabekovKarl «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да KZ156010002008784017 («Төлемді белгілеу» алаңында көрсетіледі)