Атырау, 27 қараша 09:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Масалар күшіне мінді

3 739 просмотра

Атырау қаласында аптап ыстық басталғалы масалар күшіне мінді. Бүгінде масаларды улау жұмыстары қалай жүріп жатыр? Біз «Биоген Инжиниринг Лимитед» ЖШС-нің энтомолог маманы Айнагүл ДӘУЛЕТИЯРОВАДАН жағдайға қатысты түсінік беруін сұрадық. Дәл осы мекеме биыл қаланы дезинсекциялау жұмыстарымен айналысады.

- Байқасаңыз, мамыр мен маусым айлары салыстырмалы түрде тыныш өтті, маса соншалықты көп болған жоқ. Қазір күннің қатты ысуы салдарынан тұрған сулардағы дернәсілдер күшіне мінді. Дегенмен, көрші Орал, Ақтөбе қалаларымен салыстырғанда бізде жағдай жақсы. Қазір көп күш Дамбы, Еркінқала ауылдық округтеріне жұмылдырылған. Себебі, соңғы аптада оңтүстіктен қатты жел соғып, Каспийдің қара масасы қалаға келген.

Олар осы жерге жерсінгісі келді. Бірақ біз оларды да азайттық. Үнемі мониторинг жүргізіп отырамыз. Облыстық ауруханалармен, қала емханаларымен байланыстамыз, аллергиямен түскен науқастар көп емес. Улау жұмыстары қарашаға дейін жүргізіледі.

- Алайда, қала тұрғындары улау жұмыстарының жүріп жатқанын көрмейтіндеріне шағымданады.

- Себебі, біз улау жұмыстарын көбіне түнгі уақытта, адам аяғы басылған кезде жүргіземіз. Мәселен, 4 шілдеге қараған түні Еркінқала, Дамбы ауылдарында және қала көшелері мен жағалау бойларына дәрі шаштық. Көп қабатты үйлердің жертөлелеріне келсек, ол жерлерде ПИК-тер айына 1 рет улауға міндетті. 

- Масалардың саябырсуын қай кезде күтуге болады?

- Шамамен, 8 тәуліктен кейін азая бастайды. Қазір де жағдай орташа деңгейде.

- Қандай препараттар қолданасыздар? Олардың адам мен жасыл желектерге әсері қандай?

- Біз хош иістендірілген дәрілік препараттарды қолданамыз. Олардың адам мен жасыл желекке әсері өте төмен.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

5 шілде 2017, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.