Атырау, 22 қараша 19:33
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Рафаэль Лондонда

Сурет
2 525 просмотра


Жақында Лондонда "Robert Philips Gallery" заманауи өнер галереясында Атырау суретшісі Рафаэль СЛЕКЕНОВТІҢ жеке көрмесі өтті.

Ұлыбритания астанасында көрме ұйымдастыру ұсынысы осыдан бір жарым жыл бұрын түскен еді. Галерея қожайындары Рафаэльдің жұмыстарын Шотландиядағы көрмеден көріп, оның өзгешелігіне таң қалған. Дайындық уақыты кезінде олар айтарлықтай промоушн өткізіп, суретші жұмысының каталогын басып шығарған. Ал Рафаэльдің картиналарының бірі "Robert Philips Gallery" мәдени шаралар күнтізбесінің мұқабасына айналған. Осылардың арқасында қазақстандық суретшінің картиналарын Лондонның мыңдаған өнерсүйер қауымы тамашалады.


Рафаэльдің айтуынша, көрменің екі аптасы ішінде келушілер легі үзілмеген. «Дала романтикасы» атауындағы экспозицияда өлкеміздің сұлулығын көркемдеп салған "Золотая рыбалка» және "Музыка Весны", "Аромат Родины" сериясында 22 картина қойылыпты.

- Келушілердің көпшілігі біздің еліміз туралы алғаш рет естіді. Олар үшін Қазақстан нағыз жаңалық болды. Олар – біздің еліміз картинадағыдай көркем бе деп сұрайды. Мен біздің отанымыздан асқан сұлу жер жоқ екенін айттым, - деп күлімдейді Рафаэль.

Көрме кезінде ол осындай экспозиция өткізу туралы басқа галереялардан шақырту алды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 шілде 2017, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.